Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Көкшенің көркем келбетін сақтаған ұлттық парк

АСТАНА. KAZINFORM — Ақмола облысының солтүстігінде орналасқан Көкшетау ұлттық паркі Зеренді, Шалқар, Имантау және Айыртау өңірлерінің таулы-орманды алқаптары мен көлдерін біріктіретін бірегей табиғи кешен.

 «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Солтүстік Қазақстанның таулы-орманды және көлдердің экожүйелерін, тарихи, археологиялық және ұлттық мәдени ескерткіштерін сақтау мақсатында 1996 жылы сәуір айында құрылған.

 «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

 Парк негізінен Көкшетау қаласынан 60 км оңтүстік-батысқа қарай 182076 гектардан астам аумақпен, Зеренді, Шалқар, Имантау, Айыртау аймақтарының таулы-орманды алқаптары мен көлдер айдынын қамтиды.

«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи негізгі міндеттері:

— өлшемдік және таңғажайып табиғат кешендері мен мәдени мұралар бірлігін сақтау;

— ғылыми әдістер мен негіздерді енгізу;

— бүлінген табиғат және тарихи-мәдени кешендер, объектерді қалпына келтіру халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру;

— экологиялық мониторинг жүргізу;

 «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Мұнда табиғат кешендерінің бірлігі, сирек және құрып бара жатқан ағзалар түрлері, табиғаттың қайталанбас бітімі, өсімдіктер және жануарлар дүниесінің ресурстары сақталады.

— Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі бай және алуан түрлі. Ормандарда сілеусін, бұландар, бұғылар, қабандар, түлкі, қоян, қарсақ және басқа да жануарлар түрі мекендейді. Көлдер бағалы тұқымдарға жататын көкшұбар, ақсаха балықтары сияқты өзге де балықтарға бай. оқан Уәлиханов мұражайы, «Қарасай батыр» мемориалдық кешені, Қарсақ ежелгі қорымы, Ботай археологиялық ескерткішіне сапар шегіп, ұмытылмастай әсер аласыз, — делінген министрлік хабарламасында.

«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ аумағында Республикалық маңызды 13 табиғат ескерткіштері бар. Оларға туристік маршруттар жасалынған. Бұлар жергілікті халық пен туристердің сүйікті жерлері.

Осыған дейін ЮНЕСКО тізіміндегі Катонқарағай ұлттық паркі туралы жазғанбыз.