Көкшетау қалалық соты әкімшілігі басшысының өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. KAZINFORM — Марқұмның туыстары болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті тексеруді талап етіп отыр, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Полиция возбудила уголовное дело по факту смерти руководителя администрации суда города Кокшетау
Фото: Threads/zhanara___01

Көкшетауда полиция қалалық сот әкімшілігінің басшысы, 27 жастағы Аян Дүйсековтің өліміне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы – «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

— Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды, — деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Марқұмның туыстары оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, объективті әрі тәуелсіз тексеруді, сондай-ақ әрбір лауазымды тұлғаның әрекетіне баға беруді талап етіп отыр.

Отбасының айтуынша, Аянға тұрақты түрде моральдық және психологиялық қысым көрсетілген. Туыстарының айтуынша, Аянға өз міндетін қалыпты атқаруына кедергі келтірілген. Сондай-ақ, отбасының пікірінше, оған әділетсіз тәртіптік жаза қолданылған.

Сонымен қатар, Аян қызметтік пәтерде бірнеше ай ғана тұрған. Кейін оны мәжбүрлеп шығару мәселесі көтерілген.

Аянның артынан әйелі мен екі кішкентай баласы қалды.

Бұған дейін Qurt лақап атымен белгілі рэпердің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.