Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Көкшетау қаласында өртте 2 жасар сәби қаза тапты - ТЖМ

СТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында өртте 2 жасар сәби қаза тапты.

Көкшетау қаласында өртте 2 жасар сәби қаза тапты - ТЖМ

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, кеше, қыркүйектің 2-сі күні түс ауа Кенесары көшесінде орналасқан жекеменешік тұрғын үйде өрт болып, жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыды.

Құтқарушылар өртті сөндіру барысында 2008 жылы туған нәрестенің мәйітін тапты.

Тілсіз жау Ақмола облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің күшімен екі сағатқа жуық уақыттан кейін толығымен ауыздықталды.