12:44, 09 Қаңтар 2009 | GMT +5
Көкшетау қаласында өткен жылы 30700 шаршы метр баспана іске қосылды
КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Көкшетау қаласында өткен жылы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында 30 мың 700 шаршы метр баспана тұрғызылды, бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 30 пайызға артық,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жыл ішінде қаланың экономикасына 73 миллиард теңге инвестициия тартылды, өсім 2007 жылмен салыстырғанда 20 пайызды құрап отыр. Осы уақыт аралығында «Көктем» шағынауданында 35 пәтерлі жайлы үй, жеке үй салушылар есебінен 247 баспана тұрғызылды. Ағымдағы жылы айтулы бағдарлама жанды жалғасын тауып, «Көктем» шағынауданында 8 мың шаршы метр баспана салынып, орталықта 45 пәтерлі үй іске қосылмақ. Оның сыртында «Васильков тау-кен комбинаты» акционерлік қоғамы өз қызметкерлеріне арнап Красный яр ауылында бірнеше үйді пайдалануға беретін болады.