Көкшетау мәслихатының шешімімен 4 тұрғын «Қаланың құрметті азаматы» атанды

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Көкшетау қалалық мәслихатының шешімімен облыс орталығының төрт тұрғыны «Қаланың құрметті азаматы» атағына ие болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қалалық мәслихат хатшысы Қымбат Мұстафинаның айтуынша, осыдан жарты ғасыр бұрын белгіленген құрметті атаққа елу азамат ие. Бұл жолы осындай қошеметке Ұлттық қауіпсіздік комитетінің генерал-майоры, ауған соғысының ардагері Мәжит Мырзахметов, белгілі геолог, ғалым, бес ғылыми еңбектің авторы, Абай Мырзахметов атындағы университеттің профессоры Айтқажы Қазбеков, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры, тарих кафедрасының меңгерушісі Қадыржан Әбуев пен «Хладкомбинат» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бас директоры Кеңесбек Бектасов иелік етіп отыр. Олардың әрқайсысы - ерен еңбегімен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан, сый-құрметке ие азаматтар.
Соңғы жаңалықтар