Көкшетау полицейлеріне 20 жаңа көлік сыйға берілді
Тәуелсіздік алаңында өткен салтанатты шарада аймақ басшысы өңірде жылдан жылға тәртіп сақшыларының материалдық-техникалық базасы жақсартылып келе жатқанын атап өтті.
«Бүгінгі күні полицейлерге ел тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін қамтамсыз етуде үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Ақмола облысының тәртіп сақшылары Елбасының алға қойып отырған міндеттерін абыроймен атқарып келеді. Соңғы уақытта облыс әкімдігі тарапынан жергілікті полиция қызметінің материалдық техникалық жағынан қамтылуына барынша қолдау көрсетіліп келеді»,- деді аймақ басшысы.
Сонымен қатар, аймақ басшысы алдағы уақытта да осындай игі істердің жалғасын тауып, мемлекеттік органдардың автопаркінің нығайтыла беретінін атап өтті.
Шара барысында сап түзеген сақшылар мен жаңа қызметтік көліктердің шеруі ұйымдастырылды.