Көкшетау университетінде Халықаралық бағдарламалар орталығы қоғамының қызметкерлерімен кездесу болады

АСТАНА. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат - Ертең, мамырдың 12-сі күні Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының қызметкерлерімен кездесу өтеді. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметінен хабарлады.

Көкшетау   университетінде  Халықаралық бағдарламалар орталығы қоғамының қызметкерлерімен кездесу  болады

Кездесудің мақсаты - Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерге 2010 жылғы қабылдау конкурсының шарттарымен таныстыру, іріктеу ережесін түсіндіру.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы 1993 жылғы 5 қарашада Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қаулысымен тағайындалған болатын. Қазіргі уақытта «Болашақ» бағдарламасы аясында әлемнің 27 елінде 3000-ға жуық стипендиат білім алуда. 17 жыл ішінде 2176 қазақстандық шетелде білім алып, елге оралды.