Көкшетау университетінің екі жарым мың студенті 25 пайыздық үстеме шәкіртақы алатын болды

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Жаңа жылдан бастап Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде тәлім алып жүрген 9 мың студенттің екі жарым мыңы 25 пайыздық үстеме шәкіртақы алатын болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Университет проректоры Аманай Асылбайұлының айтуынша, бүгінде оқу орнында сегіз факультетте жиырмаға жуық мамандық бойынша тоғыз мың студент, оның ішінде бес мыңы күндізгі бөлімде тәлім алуда. Жаңа жылдан бастап мемлекеттік грантпен оқып жүргендердің шәкіртақылары 25 пайызға өсіп отырғандығы оларға үлкен көмек екені даусыз. Мысалы, осы кезге дейін 7 мың 500 теңге, ал арнайы атаулы шәкіртақы алушылар 12 мың теңгеге дейін алып келсе, енді ол үш мыңға өсіп отыр. Оның сыртында оқу орнында студенттер үшін «Арасан» сауықтыру орталығында, «Тұлпар» шипажайында жеңілдіктер ескерілген. Сондай-ақ, 900 студент жатақханамен қамтамасыз етілген.
Соңғы жаңалықтар