11:43, 29 Мамыр 2015 | GMT +5
Көкшетауда 15 жасар қыз бала іздестірілуде
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда үйінен шығып, қайтып оралмаған Рафаельевна Альмира Кирина есімді 15 жастағы жасөспірім іздестірілуде.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Полицейлердің мәліметі бойынша 2000 жылы туған қыз бала Көкшетау қаласында тұрады. Психоневрологиялық диспансерде есепте тіркелген. Мамырдың 16-ы күні кешкі сағат 19:00 шамасында үйінен шығып, қайтып оралмаған. Қыздың түр-тұрпаты европалыққа ұқсайды, бойы 160-165 см шамасында, арықша келген, шашы сары түстес, бетінде қара меңі бар. Сондай-ақ, аздап психологиялық кемістігі де бар көрінеді.