Көкшетауда 28 интернационалист-жауынгерге медаль тапсырылды
КӨКШЕТАУ. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық қорғаныс департаментінде Ауған соғысында азаматтық борышын өтеуге қатысқан 28 жауынгер-интернационалистің омырауына «Ерлігі үшін» медалі қадалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағының төрағасы Александр Аздравиннің айтуынша, ерлігі үшін марапатты жауынгерлер алғаш рет бейбіт жағдайда алып отырған көрінеді. Ауған соғысы ардагерлер одағы, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Саяси кеңісінің ұйғарымымен ерлік медальдары қаза болған балалары үшін Анатолий Тукин, Сергей Габжилян, Александр Боголюбовтарға табысталды. Осындай ержүрек азаматтарды тәрбиелеген ата-аналарына, туған-туысқандарына шын ықыласты ризалық сезімдер білдірілді. Мұндай салтанатты жиын Есіл, Бурабай аудандарында өткізіліп, сый-құрмет көрсетілді. Реті келгенде айта кетер жайт, жаңа жыл қарсаңында өңірлік қоғам төрағасы Александр Аздравин екінші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған болатын.