Көкшетауда 29 жастағы қыздың 20 мың теңгеге сатылғаны анықталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда ІІД ҰҚКБ қызметкерлері жыныстық қызмет көрсету мақсатында адам саудалап жүргендерді қолға түсірді, деп хабаралады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

Полицейлердің мәліметі бойынша, Көкшетау қаласының тұрғыны, 32 жастағы ер адам 1986 жылғы қызды бар болғаны 20 мың теңгеге сатып жіберген. Қазіргі кезде күдіктінің үстінен ҚР ҚК 128-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынды. Егер кінәсі анықталып жатса, онда оның мүлкі тәркіленіп, 3-5 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Ал, 51 жастағы әйел болса, жеңгетайлықты ойластырмақ болды деген күдікке алынған. Одан заттай дәйек ретінде өңі кеткен 2 мың теңге ақша алынды. Осыған байланысты күдіктінің үстінен ҚР ҚК 309-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум