Көкшетауда 42 жастағы қала тұрғынынан салмағы 10,28 грамм есірткі тәркіленді
КӨКШЕТАУ. 11 қараша. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасы жедел топ өкілдері жедел іздестіру іс-шарасы барысында О.есімді 1968 жылғы қала тұрнынынан есірткі затын тәркіледі.
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше жедел топ қызметкерлері кезекшілік барысында күдік тудырған азаматтың құжаттарын тексеріп, жан қалтасынан алынған қорапшада ақ түсті зат барын анықтайды. Сот-медициналық сараптама оның «героин» екендігін айғақтады. Салмағы 10,28 грамм «есірткі затын өз қажетіне алғандығымен» ақталған қала тұрғыны ҚР қылмыстық процесуалдық заңының 132-ші бабына сәйкес қамауға алынып, оның үстінен ҚР ҚК-сінің 259-шы бабы 1-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғастырылуда.