Көкшетауда ағымдағы жылы 1500 бүлдіршін балабақшамен қамтамасыз етіледі

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ағымдағы жылы Көкшетау қаласында екі мектеп жасына дейінге балалар мекемесі мен үш шағын орталық ашылып, бір жарым мың бүлдіршін балабақшамен қамтамасыз етілетін болады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында депутаттар мен жұртшылық алдында өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық қорытындысы бойынша есеп берген қала әкімі Бақыт Сапаров жылдың әлеуметтік басым бағыттарына тоқтала келе, оның басты көзі бюджеттік қаржының толықтырылуында екенін атап көрсетті. Осы уақыт ішінде 24 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, негізгі қорға 73 миллиард теңге инвестиция тартылған. Жыл ішінде 31 мың шаршы метр баспана салынып, бір мың жұмыс орны ашылды. Кәсіпкерлермен әлеуметтік жауапкершілігі аясында 69 меморандумға келісім-шарт жасалып, 800 миллион теңгенің көмегі көрсетілді. Қаланың су, жылу, кәріздік жүйелерінің құбырлары жаңартылып, көшелерде күрделі жөндеу және жарықтандыру шаралары шешімін тапқан. Алдағы жылы бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, 1200 оқушыға арналған интеллектуальды мектеп, қысқы спорт кешені іске қосылады деп белгіленген. Қала әкімінің айтуынша, бұған дейін әр аймақтық округтерде өткен 11 кездесуге 2383 адам қатысты, оларда 130 ұсыныс-пікірлер айтылып, тұрғындарды толғандырып жүрген мәселелер көтерілген. Соның басым бөлігі тиісті қалалық құрылымдарға табысталып, бірқатары арнайы бақылауға алынды. Ал сессия жұмысына қатысқан облыс әкімі Альберт Рау пәтер иелері кооперативтерінің жұмысын бір жүйеге келтіру, қаланың өндірістік әлеуетін жақсарту, тұрғын үй құрылысы бағытындағы түйткілді мәселелерді қозғап, алдағы күні назар аударар басымдықтарға тоқталды. Жиынғы қатысқандар қала әкімінің өткен жылғы жұмысын қанағаттанарлық деп бағалады.
Соңғы жаңалықтар