Көкшетауда «Астана қаласының төңірегіндегі азық-түлік белдеуін дамытудың проблемалары мен келешегі» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел отырысы болды

 АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Палата төрағасының орынбасары Александр Судьин бастаған Парламент Сенатындағы «Өңір» депутаттық тобы мүшелерінің Ақмола облысына сапары аясында бүгін Көкшетауда «Астана қаласының төңірегіндегі азық-түлік белдеуін дамытудың проблемалары мен келешегі» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел отырысы болды,

Көкшетауда «Астана қаласының төңірегіндегі азық-түлік белдеуін дамытудың проблемалары мен келешегі» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел отырысы болды

деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.  

Шараға қатысушыларға - облыс активінің, ауыл шаруашылығы министрлігінің, жер ресурстарын басқару агенттігінің, агроөнеркәсіп кешенін дамыту институттарының өкілдеріне арнаған сөзінде А.Судьин Астананың төңірегінде азық-түлік белдеуін жасауға Мемлекет басшысы ерекше назар аударып отырғанын атап өтті.

Бұл міндетті іске асыру, төраға орынбасарының айтуынша, аграрлық сектордың үлесі барлық өнімнің 22-25 пайыз болып отырған аймақта агроөнеркәсіпті дамытуға ықпал етеді. Қазақстанда өсетін астықтың негізгі экспорттаушылардың бірі болып табылатын Ақмола облысы елімізде өндірілетін ет пен сүттің 10 және 9 пайызына ие.

- «Елорданы азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ететін облыстың әлеуеті еліміздің жетекші агроөнеркәсіп кешені бола алады», - деп атап өтті А.Судьин және ол «келешегі зор мұндай аймақтың болуы аймақ экономикасын әртараптандыруға оң ықпал етеді»,- деді.

Агроөнәркәсіп кешеніндегі бағдарламаларды іске асыруға қатысты төрағаның орынбасары саланы мемлекеттік қолдау мәселелеріне тоқталды. 2012 жылы республикалық бюджетте ауыл шаруашылығын дамытуға 340 миллиард теңге қарастырылып отыр.

Талқылау барысында Сенат депутаты Самат Ескендіров 2012-2014 жылдарда Астана қаласының төңірегіндегі азық-түлік белдеуін дамыту бағдарламасын іске асыру мәселелеріне назар аударды.

Сенатор атап өткендей, елордаға азық-түлік жеткізетін ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілердің заңдық мәртебесінің болмауы толық көлемде мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге мүмкіндік бермейді. С.Ескендіровтің айтуынша, мекемелердің, жергілікті билік органдарының, азық-түлік белдеуін іске асыратын аграрлық сектор кәсіпорындарының өзара тиімді іс-қимылының болмауы да көкейкесті мәселелердің бірі.

Сенатор айтқандай, елорданы азық-түлікпен қамтамасыз ету бағдарламасын әзірлеу әдістері қайта қарауды қажет етеді. Онда тек қалаға таяу аудандар ғана емес, еліміздің басқа да аймақтарының әлеуеті мен мүмкіндіктері ескерілуі тиіс.

С.Ескендіровтің айтуынша, Парламент депутаттарының тобы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіп кешенін дамыту мен қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына бастамашылдық жасады. Қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізу ауыл шаруашылығы өнімдері нарығын дамытуды, маусым арасындағы кезеңдерде азық-түлік бағасының негізсіз көтерілуінен халықты қорғауды, тұтастай еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді.

Дөңгелек үстел барысында облыс әкімінің орынбасары Д.Әділбеков, ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары М.Өмірияев, Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттіктің төрағасы Қ.Отаров, «НұқҚазАгро» АҚ басқармасының төрағасы Б.Бисенғалиев, «Шмидт» компаниясының президенті В.Шмидт қатысты.