Көкшетауда «Автобус» іс-шарасы барысында 120 қозғалыс ережесін бұзу оқиғасы анықталды

КӨКШЕТАУ. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық жол полициясы басқармасының мәліметі бойынша, Көкшетау қаласында «Автобус» республикалық іс-шарасы барысында 120 жол қозғалыс ережесін бұзу оқиғасы тіркелді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Оның аясында жүргізілген тексеріс көрсеткендей, бір жүргізуші жолаушылар тасымалына ішкілік ішіп шықса, 38-інің тиісті құжаттары болмаған. Сонымен қатар алты автобустың тежегіш, қозғалыс тетіктері ақаулы екендігі анықталды. Ал 33 көлік уақытында техникалық бақылаудан өтпегендігіне қарамастан, жолаушылар тасымалына қатыстырылып келген. Әлі де болса көше бойында қозғалыс екрежесін сақтамай жүйткіп жүргендер тыйылар емес. Шамадан тыс жылдамдықты арттыруға қатысты 9 жүргізушіге әкімшілік жаза қолдануға тура келген. Жол полициясы басқармасы әкімшілігінің мәлімдеуінше, айтулы іс-шараға орай өңірде жолаушылар тасымалына қатысты барлық кәсіпорындар тексеріске алынып, жол бойында қадағалау жұмыстары жалғастырылатын болады.
Соңғы жаңалықтар