Көкшетауда бал биінің өңірлік байқауында 450 үміткер бақтарын сынады-Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. 8 қараша. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/- Көкшетауда «Триатлон» спорт кешенінде бал биінен «Синегорье-2010» аймақтық ашық біріншілігінде еліміздің әр түкпірінен келген 450 үміткер бақтарын сынап, жүзден жүйрік шыққандар арнайы кубокқа, медальдерге, грамоматалар мен бағалы сыйлықтарға иелік етті.
Спорттың бұл түрі ағымдағы жылы өзінің қырық жылдық мерейтойын атап өтуде. Бұл жолға бал би байқауы осынау атаулы күнге арналуы тегіннен тегін емес. Ашық біріншілікте еліміздің жеті облысы мен Астана қаласынан бал биін өздеріне серік етіп, таңдау жасағандар байқауға қатысты. Сайыста балалар, жасөспірімдер, жастар еуропалық баяу вальс, танго, вена биі, фокстрот, квикспет, латын-америкалық саба, ча-ча-ча, румба, пасдбол, джайв билері бойынша бақтарын сынады. Бас төреші Игорь Кимнің айтуынша, төрешілер би ырғағына, бишілердің бірлескен қимылына, хореогорафиясына, орындау техникасына, киім киісіне, эстетикасына ерекше ден қойып, сол бойынша жүлдегерлер анықталған көрінеді.