Көкшетауда бір дәмхана, үш сауда павильоны мен үш көлік гаражы өртенді
АСТАНА. 17 тамыз. ҚазАқпарат - Көкшетауда «Жекебатыр» көтерме-бөлшек сауда орталығының аумағында 16 тамыз күні сағат 03:14-те «Рамин» дәмханасы, үш сауда павильоны мен үш көлік гаражы өртене бастады.
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, өрт 4 сағаттан кейін толық сөндірілді. Онымен күреске ҚР ТЖМ Ақмола облыстық ТЖД-нің өрт сөндіру қызметіндегі жеке құрамның 81 адамы мен 10 техникасы жұмылдырылды. Өрт аумағы 180 шаршы метрді құрады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.