Көкшетауда Денсаулық күні атап өтілді
КӨКШЕТАУ. Сәуірідің 8-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Көкшетау қаласында Денсаулық күніне орайластырылған шара аясында түрлі спорттық сайыстар өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Тәуелсіздік» алаңында жоғары және арнаулы оқу орындары студенттері, оқушылар және қала жастарының қатысуымен спорттық жаттығулар жасалып, спорт кешендерінде шағын футбол, баскетбол, волейболдан кездесулер өткізілді. Бұл шараның ұйытқысы болған қала әкімдігі, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы, жастар бірлестіктері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері әр сайыстың тартысты да нәтижелі болуын өз бақылауына алды. Мұнда ең алдымен жастар белсенділігі, олардың спортқа деген ынта-ықыластары жоғары екендігі, ұйымшылдығы ерекше әсер қалдырды. Жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылған әр кездесуде жеңімпаздар көпшілік қолдауына ие болып, марапатталып отырды.