Көкшетауда футболдан 18 жасқа дейінгі қыздар арасында Қазақстан біріншілігінің бірінші туры өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оған биыл 1991-1992 жылдары туған қыздардың 8 командасы қатысады. Олар - «ГУ СДЮСШ» (Астана), СДЮШОР № 2 (Алматы), «Жалын» (Тараз), ДЮСШ № 4 (Орал), «Восток-ВКГУ» (Өскемен), «Кызылжар» (Петропавл), «Ақтөбе» (Ақтөбе) мен «Жерім-КУ» (Көкшетау). Өзара екі топқа бөлінген олардың арасынан өз тобында 1-2 орын алған командалар қыркүйектің 3-10 күндері Астанада жүлделі орындарды сарапқа салмақ. Өткен жылғы ел біріншілігіне 10 команда қатысқан болатын. Онда көкшетаулық «Жерім - КУ», алматылық «СДЮШОР №2» мен астаналық «СДЮШОР» жүлделі орындарды бөлісті. Үздік бестікке Шымкенттің «БИИК ҚТЖ» мен Тараздың «Жалын» командалары еніп, кестені Петропавлдың «Қызылжар» және Шымкенттің «СДЮСШ №7» командалары түйіндеді. Ал Қырғызстаннан қатысқан бішкектік «Әбдіш Ата» 8-ші орынға табан тіреді.