Көкшетауда гастролер-ұрылар ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда гастролер-қалта ұрылары қолға түсті. Қазіргі кезде біреудің мүлкін ұрлау бойынша олардың 7-і қылмысқа қатысы бары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мəліметі бойынша, қыркүйектің 10-ы күні Көкшетау қалалық ІІБ орталық базардағы сауда үйлерінің біріндегі зергерлік бұйымдар сататын дүңгіршектің қызметкері арызданған. Оның айтуынша, бейтаныс жастар құны 300 мың теңгенің алтын бұйымдарын үптеп кеткен.

Сол күні орталық базарда қалта ұрлығы орын алғаны туралы тағы бірнеше арыз түсті. Бұл жолы қаскөйлер əмиан, ақша жəне ұялы телефон ұрлаған.

"Тергеу амалдары кезінде полицейлер Көкшетауға еліміздің өзге облыстарынан гастролер-қалта ұрыларының келгенін анықтаған.

Жедел іздестіру шарасы барысында қаладағы ломбардтардың біріне əшекей бұйымдарды тапсыру кезінде күдіктілер ұсталды. Олардан зергерлік бұйымдар мен 6 ұялы телефон тəркіленді", деп көрсетілген хабарламада.

Қазіргі кезде Тараз қаласының 18 жастағы, Қарағанды облысының 23 жастағы жəне Алматы облысының 33 жастағы тұрғындары ұсталып, үстерінен ҚР ҚК 188 бабының 2 бөлімі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар
telegram