Көкшетауда Конституцияны дамытудың тарихи қырлары талқыланды

Шараға мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
«Бүгінде Қазақстан Республикасы Конституциясының мемлекеттікті қалыптастыруға, елдің ішкі және және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз етуге, өркениетті әлемге бірте-бірте ықпалдасу үдерісіне жәрдемдесе отырып, өткен 19 жылдың ішінде өзінің басты миссиясын орындағандығына ешкім таласа алмайды», - деп атап өтті құттықтау сөзінде ішкі саясат басқармасының бөлім бастығы О.Салахова.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің өкілдері Конституцияны дамытудың тарихи қырлары туралы әңгімелеп, ҚР мен шет елдердің Конституцияларын салыстырды.
«ҚР Конституциясы нормаларының халықаралық құқық, әсіресе гуманитарлық құқық саласындағы нормалармен өзара үйлесімде болуы Қазақстанды құқықтық жүйесі дамыған мемлекеттермен бір деңгейге шығарды», - деді өз сөзінде облыстық әділет департаменті директорының орынбасары А.Мұқанжаров.