Көкшетауда коттеджді өртеп жіберген тонаушы студент ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда коттеджді тонап, кейін өртеп жіберген 18 жастағы студент ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі
None
None

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша 13 қыркүйекте облыс орталығының 57 жастағы тұрғынынан өрт туралы хабар түскен. Арызданушының сөзінше, үй иесі жоқ коттеджге белгісіз біреулер от қойған.

«Оқиға орнына жеткен полицейлер коттедждің қасақана өртелгенін анықтады. Күндіз белгісіз біреулер пластик терезені бұзып кіріп, 3,5 миллион теңгенің алтын бұйымдарын жымқырған. Кейін қылмыстың ізін жасыру үшін үйді өртеп жіберген. Үйдің иесіне 28,5 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Жедел іздестіру шарасы барысында күдікті ретінде Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының 18 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдіктінің Көкшетаудағы колледждердің бірінде оқитын студент екені анықталды», деп түсіндірді полицейлер.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 202-бабының 3-бөлімі 2- тармақшасы жəне 188-баптың 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар