08:11, 14 Ақпан 2024 | GMT +5
Көкшетауда құрылысты күзететін дүңгіршектен өрт шығып, бір адам мерт болды
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM — Көкшетау қаласында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйдің аумағында 30 шаршы метр аумақты құрайтын күзет дүңгіршегінен өрт шықты.

Өрт уақытылы сөндірілді.
ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 2 техника жұмылдырылды.
Оқиға орнынан бір адамның денесі табылды.
Өрттің алдын ала себебі — электр жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтамау.