10:17, 03 Ақпан 2009 | GMT +5
Көкшетауда «Мерей» әлеуметтік байқау жеңімпаздары анықталды
КӨКШЕТАУ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/- Көкшетау қалалық әкімдігі мен Ақмола облыстық Азаматтық альянсы ұйытқы болуымен өткізілген бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясындағы «Мерей» байқауының жеңімпаздары анықталып, оларғы сый-құрмет көрсетілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бұл жолғы сайысқа шағын және орта бизнес жетекшілері, «Нұр Отан» халықтық -демократиялық партиясы қалалық филиалының, қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері қатысқан болатын. Жыл ішінде бизнес өкілдері қаланың әлеуметтік іс- шарасына ұйымшылдықпен қатысып, бірқатар жоспарларды іске асыруға атсалысқан. Өз кезегінде қала әкімдігі мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысын жандандыру мақсатына өткен жылы бюджеттен 22 миллион теңге қаржы қарастырса, ағымдағы жылы ол отыз миллион теңге деңгейінде белгіленіп отыр. «Мерей» бағдарламасы бойынша «Васильков тау-кен комбинаты» акционерлік қоғамының президенті Алидар Өтемұратов, «Көкшетауқұрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшысы Сергей Шафар жеңімпаз атанды. Кәсіпкерлер қаланың 33 мектебі мен мектеп жасына дейінгі мекемелеріне әлеуметтік қолдау көрсеткен болатын.