Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі балаларға Жаңа жылдық шырша ұйымдастырылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі балаларға Жаңа жылдық шырша мейрамы ұйымдастырылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.
None
None

null
«Специальная олимпиада Кокшетау» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ани» мейрамханасында өткен шараға ақыл-ой кемістігі бар  балаларға арналған №1 облыстық  арнайы түзету мектеп-интернатының  жəне облыс орталығындағы  медициналық-əлеуметтiк мекемесінің  тəрбиеленушілері қатысты.

Жаңа жыл мерекесінің қиялғажайыпқа  сенетін балалар үшін  ерекше орны бар.  Шараның ашылу  салтанатында қоғамдық бірлестіктің  төрағасы Дəурен Шəріпов балаларды  Жаңа  жылмен құттықтап,  жылы  лебізін білдірді.

null  

Сонымен қатар, жыл бойы өздерінің белсенділіктерімен көзге түскен. Əділ Дəулетбек,  Вика  Воронина, Назгүл Тастыбаева  сияқты  балаларды  марапаттап,  оларға  бағалы сыйлықтар тапсырды. «Думан» педагогикалық отряды  қызықты ойындар ұйымдастырып,  əуезді  əн жəне  əсем  бимен өрілген  мерекелік шара балаларға қуаныш  сыйлады.  

Соңғы жаңалықтар