Көкшетауда «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ХХ есеп беру-сайлау конференциясы өтті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының ХХ есеп беру-сайлау конференциясы болды.
None
None

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, партияның Саяси кеңесінің мүшесі Светлана Романовская, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Сергей Кулагин, партияның АОФ Саяси кеңесі, бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттық фракциялардың жетекшілері, аймақтық партиялық кураторлар, партияның аймақтық филиалдарының төрағалары мен олардың бірінші орынбасарлары, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестер және партиялық бақылау Комиссияларының төрағалары, «Жас Отан» Жастар Қанатының активі, бастауыш партиялық ұйымдарының төрағалары, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктерінің басшылары қатысты.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Сергей Кулагин «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» стратегиялық құжаттың жүзеге асырылуы бойынша сөз сөйледі. Ол Елбасының жаңа экономикалық бағдарламасы - ол халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсартуға бағытталған нақты біртұтас жоспар екендігін баса айтты.

Есепті кезеңде 13 мектеп салынып, жыл соңында тағы үш мектептің құрылысы аяқталады. 155 орта мектепте, 24 бала бақшада инклюзивті білім беру жолға қойылды.

Ұлт саулығы бағытының негізгі көрсеткіштері бойынша оңтайлы өзгерістер бар. 2,5 жылда жалпы өлім-жітім 10,1 пайызға төмендеді, 250 адам қабылдайтын екі аудандық емхана, 70 орындық аурухана, 10 дәрігерлік амбулаториялар мен 7 медициналық пункттер салынуда.

Облыс бойынша жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайыз, жастар арасында 4 пайыз шамасында. Кедейлік деңгейі жоспарланған 6,1 пайыз орнына 3,2 пайызға дейін төмендеді.

Партияның сайлауалды тұғырнамасы аясында «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы іске асырылуда, бүгінде оның шеңберінде 3 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты.

Өңірлік партиялық ұйымдар мүгедектерді жұмысқа орналастыруға ерекше көңіл бөледі. Жалпы аймақ бойынша 838 мүмкіндігі шектеулі азамат, соның ішінде 455 адам 3 пайыздық үлес бойынша, 98-і «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» мембағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамтылған.

Сонымен қоса «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Сергей Кулагин мүгедектерді еселі жұмысқа орналастыру бойынша жағдайлар толықтай жасалмауына, сондықтан партиялық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктерінің мүгедектердің лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін бірігіп, үйлестірілген күш жұмсау қажеттігіне тоқталды.

Негізгі баяндама бойынша жарыссөздерде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес төрағасы, облыстық аурухананың бас дәрігері Серік Аяғанов, «Нұр Отанның» Целиноград аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Малғаждар Тәткеев, «Білім және ғылым» сараптама тобының аймақтық кураторы, Ерейментау қаласы №3 ОМ директоры Бақыт Молдажанова, «ШАНС» ҚҚ жетекшісі Василий Шиманский, партияның облыстық филиалы Саяси Кеңесінің мүшесі Валерий Симчук, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаттарының жүлдегері Фаина Сиванбаева сөз сөйледі.

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының бақылау-тексеру комиссияның өткен екі жыл бойы атқарған жұмысы туралы оның төрайымы Галина Марченкова есеп берді.

Конференция барысында аймақтық партиялық ұйымының Саяси кеңесі, бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамдары сайланды.

Сонымен қатар, Бұланды аудандық «Сарытомар» шаруа қожалығының басшысы Тұрлыбек Болатов, Көкшетау қалалық ауруханасының кардиология бөлімінің меңгерушісі Сергей Зиборов, Егіндікөл ауданы Бауман орта мектебінің ән-күй мұғалімі Евгений Исаченколарға «Белсенді қызмет үшін» төсбелгісі тапсырылды, сондай-ақ өзге партия белсенділеріне алғыс хаттар берілді.

Соңғы жаңалықтар