Көкшетауда сауда орындарында «Сочинское» күнбағыс майы сатыла бастады

КӨКШЕТАУ. 13 қараша. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Көкшетау қаласында 20 дүкен мен «Орталық азық-түлік» сауда орталығында Атбасар ауданы аумағындағы «Сочинское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алғашқы өнімі-күнбағыс майы саудаға түсірілді.

Көкшетауда сауда орындарында «Сочинское» күнбағыс майы сатыла бастады

Ақмола облысы аумағында алғашқылардың қатарында күнбағыс өсіруді кең көлемде жүзеге асыруды, одан сұранымға ие сұйық май өндіруді серіктестік осыдан үш жыл бұрын қолға алған болатын. Қаржы тапшылығынан жарқын бастама кешеуілдеп болса да шешімін тауып, алғашқы өнімі сауда орындарына жеткізілді. Жылдық қуаты 1200 тонна рафинатталған сапалы сұйық май өндіруге шақталған цехта 20 адам жұмыспен қамтамасыз етілген. Қазіргі кезде сұйық май бір литрлік ыдыстарға құйылуда. Алдағы уақытта біржарым және бес литрлік ыдыстармен облыс көлемінде және Астана сауда орындарында тұтынушыларға ұсынылмақ. Бағасы қолжетімді өнімге деген сұраным мол болары сөзсіз.