Көкшетауда су құбыры жарылып, екі шағынаудан тұрғындары сусыз қалды
КӨКШЕТАУ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін таңертең 6 сағат 30 минутта Көкшетау қаласында негізгі су құбырларының бірі жарылып,
екі шағынаудан тұрғындары мен әлеуметтік нысандар сусыз қалды.
Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаланың Капцевич және Глинин көшелерінің қиылысында 700 миллиметрлік негізгі су жеткізу магистралі жарылған. Қазір апаттың болу себебі анықталуда. «Көкшетау Су Арнасы» кәсіпорнынан су құбырын шұғыл ретке келтіру мақсатында 8 арнайы техника мен жүзге тарта білікті мамандар тартылып отыр. Қазіргі кезде шаһардың «Бурабай» және «Юбилейный» шағынаудандары, облыстық Дарын мектебі, 13-інші және 18-інші мектептер, отбасылық амбулатория сусыз қалып отыр.