Көкшетауда трансформаторлық қосалқы станция алуға қыруар қаржы артық бөлінген

Қала прокуратурасы тексеру жүргізу барысында жергілікті атқарушы орган нарықты тиісінше талдамай, бағаны негіздеместен және жоғарылатылған баға бойынша трансформаторлық қосалқы станцияны сатып алу үшін 1 млрд теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын бөлгенін анықтады, деп хабарлайды Kazinform Ақмола облысы прокуратурасына сілтеме жасап. 

Көкшетауда трансформаторлық қосалқы станция сатып алуға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген
Фото: gov.kz

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді, қаражат басқа да әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталды. Кінәлі адамдар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар