Көкшетауда Тұңғыш Президенттің интеллектуалды мектебі есігін айқара ашты

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін Көкшетауда Тұңғыш Президенттің интеллектуалды физика-математика мектебі есігін айқара ашты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұңғыш Президенттің 20 интеллектуалды мектебі» жобасы аясында ашылып отырған 900 орындық мектеп үйінің құрылысы қысқа мерзімде, жоғары сапамен аяқталып, балғындар игілігіне табысталды. Жобаның мақсатына орай мұнда жоғары сапалы, білікті мектеп түлектерін оқыту, білім берудің озық инновациялық технолгиясы мен ғылыми жетістіктерін кеңінен пайдалану бірінші кезектегі міндет болып табылады. Физика және математика пәндерін тереңдетіп оқыту арқылы инновациялық бағдарламаларды молынан меңгеруге қол жеткізілмек. Білім ошағына балғындар аса ыждағаттылықпен іріктеліп, үздіктер таңдап алынды. Сонымен қатар ұстаздық етуге 300-ге тарта үміткерден 108-іне сенім жүгі артылды. Жобаға сәйкес оқыту орысша және қазақша білім алатын 1-6 сынып оқушылары ақылы, ал 7-10 сыныптар білім гранттары бойынша  жүргізілмек. Сондай-ақ бірінші сыныптан ағылшын тілі тереңдете оқытылып,  кейіннен белгілі бір пәндер ағылшын тілінде өткізілетін болады. Жаңа білім ошағының ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімі Альберт Рау балғындарға сәт сапар тілеп, білім жолында қажымай-талмай еңбектенуге тілектестігін білдірді.

Жалпы бүгінгі күні өңірдің  Шортанды, Жақсы, Қорғалжын аудандарының орталықтарында, Зеренді ауданының Айдарлы ауылында  оқу жылы жаңа мектептерде басталып кетті.

Соңғы жаңалықтар