Көкшетауда тұрғын үйден шыққан өрт 79 жастағы қарияның өмірін жалмады

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласындағы Жамбыл көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты.

Көкшетауда тұрғын үйден шыққан өрт 79 жастағы қарияның өмірін жалмады

Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Ақмола облыстық ТЖД жеке құрамынан 11 адам және өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы тартылды. Оқиға орнынан 1935 жылы туған А.Размаита есімді азаматшаның денесі табылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.