Көкшетауда жарылғыш зат қойылды деген хабарға байланысты көпқабатты тұрғын үйден 26 адам қауіпсіз жерге көшірілді

АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында жарылғыш зат қойылды деген анонимді хабарға байланысты көпқабатты тұрғын үйден 26 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Көкшетауда жарылғыш зат қойылды деген хабарға байланысты көпқабатты тұрғын үйден 26 адам қауіпсіз жерге көшірілді

ҚР ТЖМ-ның таратқан ақпаратына сәйкес, кеше, қыркүйектің 30-ы күні сағат 21.07-де Ақмола облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне қоңырау шалынып, Елемесов көшесі, 67 мекен-жайында орналасқан тұрғын үйдің пәтерлерінің біріне жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлады.

Төтенше жағдайды жою үшін мекен-жай бойынша шұғыл әрекет ету қызметінің 30 адамы мен 6 техникасы дереу жетті. Бірақ арнайы іс-шаралардан кейін жарылғыш зат табылмады.