09:53, 12 Ақпан 2009 | GMT +5
Көкшетаудағы ЕЦ 166\23 түзету мекемесінде жасырын үйлену тойы өткен
КӨКШЕТАУ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысы аумағындағы нөмірі 166\26 түзету мекемесінің бұрынғы бастығы Г. мырза өз басқарып отырған мекемеде жасырын үйлену тойын өткізуге себепкер болып,

ҚР Әділет министрлігінің 154-ші бұйрығын өрескел бұзған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес басқарамасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Көкшетаудағы нөмірі 166\26 уақытша оқшаулау мекемесінде жазасын өтеп жүрген Р. үйленіп, қалыңдығымен мекемедегі кездесу бөлмесіне жіберіледі. Басшы болса заңсыз әрекеттерге барып, ұлан-асыр той жасауға, оған бөгде адамдардың көптеп қатысуына, рұқсат етілмейтін заттарды молынан әкелуге себепкер болған. Тіпті сотталушы Р. түрме сыртына емір-еркін шығып та жүрген. Облыстық қаржы полициясының тексерісі көрсеткендей, жоғарыдағы тәртіп бұзушылық түрме мекемесі бастығының рұқсатымен орын алған көрінеді. Қазір оның үстінен ҚР ҚК-сі 308-ші бабының 4-ші «в» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғастырылуда.