Көкшетаудағы номері 1-ші мектеп жылдың «Интерактивті кабинет» жүлдесін алды

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 3-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/- Көкшетау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қала мектептері арасында «Үздік қазақ тілі кабинеті» байқауының жеңімпаздарын анықтады.
None
None
Өткен жыл қорытындысы бойынша номері 1-ші орта мектеп «Интерактивті кабинет» аталымында жеңімпаз болып, сый-құрметке бөленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл жолы байқауға 13 үміткер қатысып, сайыс талабына сәйкес кабинеттерді эстетикалық талапқа сай безендіру, көрнекі ақпарат құралдарының дұрыс орнатылуы, жиһаздардың нормаға сай болуы және техникалық жабдықталуына ерекше ден қойған. Сонымен қатар оқу-әдістемелік, дидактикалық, қосымша материалдар базасының молдығына баса назар аударылды. Жеңімпаздар үш аталым бойынша анықталған. Қазылар алқасының ұйғарымымен «Жаңа технология кабинеті» қаладағы 9-шы және Красный яр ауылындағы 1-ші мектепке, «Мәдени-эстетикалық кабинет» 4-ші мектепке табысталды. Мемлекеттік тіл кабинеттерін өскелең талапқа сай безендіру ісі 18-ші, 21-інші, Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектептерде жақсы жолға қойылғандығы атап көрсетілді.
Соңғы жаңалықтар