Көкшетаудағы тоқыма цехы өндіріс көлемін кеңейтпек (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы «Арман» тоқыма цехы өндіріс көлемін кеңейтпек. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Сергей Кулагиннің аталған кәсіпорнына жұмыс бабымен барған кезінде айтылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Көкшетаудағы тоқыма цехы өндіріс көлемін кеңейтпек (ФОТО)

Кәсіпорын басшысы Татьяна Басанның айтуынша, 2014 жылы жалпы құны 20 миллион теңгеге 6 мың өнім түрі шығарылса, өтке жылы 26 миллион теңгеге 8 мың түрлі киім тоқылды.

«Қазіргі кезде кәсіпорында 30 адам жұмыс істейді. Цехта әскерилер мен мектеп оқушыларына қажетті, ерлер мен әйелдерге және балаларға арналған киімдер тігілуде. Дайын өнім негізінен Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына сатылуда. Алдағы уақытта өндірісті кеңейту жоспарланып отыр», дейді кәсіпорын басшысы.
null null null null