Көкшетаудағы тұрғын үй мәселесін шешуге негізделген құжат бекітілді

АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгінде Көкшетау қаласы бойынша 4567 отбасы үй кезегінде тұр. Өткен ғасырдың 50 жылдары салынған үйлердің әбден тозығы жеткен. Сол себепті қазір қаладағы тұрғын үй мәселесі күйіп тұр.
None
None

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев пен Ақмола облысының әкімі Қайрат Қожамжаров «Қолжетімді баспана» бағдарламасы аясында Қопа көлінің жағалауында көпқабатты тұрғын үй кешенін салу туралы жобаны бірлесе жүзеге асыру жөніндегі меморандумға қол қойды. Жоба бойынша, жаңа шағын ауданда автотұрақ, емхана, мектептер, спорт кешені, әкімшілік ғимараттар бой көтермек. Бұл шағын ауданның құрылысы алдағы жылдары аяқталса, Көкшетау қаласында 3000 отбасы тұратын 200 мың шаршы метр баспана пайда болады.  Пәтерлердің бағасы да әр шаршы метр үшін 800 доллар,  демек 102,7 мың теңгенің шамасында болуы тиіс. Жобада көрсетілген 6 тұрғын үй кешенін салу үшін алдымен бұл маңдағы тозығы жеткен 96 үйді  бұзу қажет. Ол үйлерді иелерінен сатып алу үшін бюджеттен тиісті қаржы бөлінетін болды.

Соңғы жаңалықтар