Көкшетаулық бес соғыс ардагеріне жаңа пәтер беріледі

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Жақында Көкшетауда тұратын Ұлы Отан соғысының бес ардагеріне жаңа пәтер кілті тапсырылады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 28 тамызында тұрғын үйді қолданысқа беру туралы мемлекеттік қабылдау актісіне қол қойылды. Кейін бұл үйді «Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөліміне және Көкшетау қаласы жолаушылар көлігі мен автомобильдер жолдары бөлімінің» қарамағына өткізу процессі жүреді. Одан соң үстіміздегі қыркүйек айында аталған пәтерлер ҰОС-ның ардагерлеріне үлестірілмек. «Бұл адамдар көрсетіліп жатқан көмекке, туыстарының, қала билігінің демеуіне лайықты адамдар», - дейді Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова. Еске сала кетсек, бүгінгі күні Көкшетау қаласында 191 ардагер тіркелген, оның ішінде 157-сі ҰОС қатысушылары және 34-і ҰОС мүгедектері. Тұрғын үйге мұқтаж ардагерлер мемлекеттік тұрғын-үй қорынан қамтамасыз етіледі.

Соңғы жаңалықтар