Көкшетаулық сегіз анаға «Алтын алқа» белгісі табысталды
КӨКШЕТАУ. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін Көкшетау қаласының әкімі Бақыт Сапаров Елбасының Жарлығына сәйкес бір топ анаға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төс белгілерін салтанатты түрде табыстап, арнайы сый-сияпаттарын тапсырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Салтанатты жағдайда жеті және одан да көп балала тәрбиелеп, өсірген жеті ана омырауына «Алтын алқа», ал 52-іне «Күміс алқа» төс белгілері қадалып, гүл шоқтары ұсынылды. Жуырда ғана сексеннің сеңгіріне шыққан Күлпәш Иванова жеті баланың анасы атанып отырса, ал 1978-ші жылғы Людмила Шевчук сегіз баланы өсіріп, оқытуда. Жалпы өткен жылы облыс орталығында 1100 анаға осындай құрмет көрсетілген болатын. Қазіргі кезде Елбасының қарауына 170 құжат тапсырылып, 130-ының тиісті анықтамалары толтырылуда.