14:44, 27 Тамыз 2015 | GMT +5
Көкшетаулықтар «ЭКСПО-2017» автошеруін тамашалады
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаулықтар ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған «ЭКСПО-2017» атты автошеруін тамашалады.

«Kazakhstan Innovations» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты - ҚР Конституциясының 20 жылдығын атап өту аясында ақмолалықтардың патриоттық сезімін оятып, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру, сондай-ақ «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің жағымды имиджін қалыптастыру болып табылады. Автошеру «Менің Қазақстаным» сәулет композициясынан басталып, қала көшелерінің бойымен жүріп өтіп, «Көкшетау» мәдениет сарайының алаңында мәресіне жетті. Шараға облыстық ішкі саясат басқармасы қолдау білдірді.