Көктайғақтан қостанайлық оқушылар сабаққа барған жоқ
Қостанай облысында көктайғаққа байланысты бірқатар мектепте бірінші ауысым оқушылары қашықтан білім алуға көшірілді. Кazinform бұл туралы «Қостанай жаңалықтарына» сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, Бейімбет Майлин ауданындағы 22 мектептің 9-ы онлайнға ауысты. Олар: Асенкритов орта мектебі (1-11 сыныптар), Мақсұт бастауыш мектебі (1-4 сыныптар), Е.Омаров атындағы мектеп (1-9 сыныптар), Нагорный мектебі (1-9 сыныптар), Тобыл мектебі (1-11 сыныптар), №1 Тобыл мектебі (1-11 сыныптар), №2 Тобыл мектебі (1-11 сыныптар), Николаев атындағы мектеп (1-4 сыныптар), Береговое мектебі (1-11 сыныптар).
Денисовский ауданы: көктайғаққа байланысты Покровка орта мектебіне оқушыларды автобуспен жеткізу тоқтатылды.
Қарабалық ауданы: көктайғақ салдарынан Целинное және Котлованное ауылдарынан Сарыкөл орта мектебіне, сондай-ақ Лесное ауылынан Михайловская орта мектебіне балаларды жеткізу тоқтатылды.
Еске салайық, синоптиктер 26 қарашада күн райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады.