Көктемгі дала жұмыстарына 40 млрд. теңге несие қарастырылып отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы 21,8 млн. гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланып отыр, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметінен.
None
None

Бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 1,5 %-ға артық. Дәндік дақылдар - 15,9 млн., майлы дақылдар - 2 млн., азықтық дақылдар - 3,4 млн., ал картоп және көкөніс-бақша дақылдары 410 мың гектар жерге отырғызылмақ.

Жаздық егіске берілген тұқым 99,3% қамтамасыз етілген. Тұқым тапшылығы 16,9 мың тонна көлемінде күтілуде. Тұқым тапшылығы облыстардың, сондай-ақ мемлекеттік ресурс есебінен толықтырылмақ.

Гидрометқызметінің мәліметтеріне сай көктемгі дала жұмыстарының басында республика бойынша топырақ ылғалдылығы қанағаттанарлық деп күтілуде.

Сондай-ақ көктемгі егіс науқанын материалдық-техникалық жабдықтау және қаржылай қамтамасыз ету мәселелері де шешімін тапты.

Оның ішінде, былтырғы жылдағыдай «Казагро» Ұлттық холдингінің еншілес ұйымдары арқылы АӨК субъектілерін несиелендіру жүзеге аспақ. Бұл шараға 40 млрд. теңге бюджеттік несие көзделіп отыр. Оның 14 млрд. теңгесі екінші деңгейлі банктермен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың кепілдігіне астықты форвардтық сатып алуға бағытталмақ. Қаржыландыру 1 гектарға 6000 теңге есебінен жүргізіледі. Аталмыш бағдарламаға Казагро қаржылық институттарының алдында мерзімі өткен берешегі жоқ ауыл шаруашылық тауар өндірушілер жіберілмек.

Бұған қоса, бюджеттік несие қаражаты микрокредиттік ұйымдар арқылы АӨК субъектілерінен ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға және АШТӨ кейін қаржыландыру үшін бағытталады.

Қаржы бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдеріне ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің тізімін қалыптастыру мақсатында Үйлестіру кеңестердің жұмыстарын ұйымдастыру қажет. Сондай-ақ әкімшіліктер 2014 жылдың 1 сәуіріне дейін «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ алдында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қарыздарын өтеу бойынша шара қабылдаулары қажет. Егіншілік шаруашылығының барлық саласын субсидиялауға ү.ж. 71,2 млрд теңге, сондай-ақ көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы мемлекеттік ресурсқа астық сатып алуға 3,5 млрд теңге бөлінбек.

АШТӨ көктемгі дала жұмыстарын өткізу үшін арзандатылған жанар-жағармай қажетті 360 мың тонна көлемінде операторлардың шығындарын ескере отырып, литріне 95 теңге есебімен ұсынылып отыр.

Ауыл шаруашылығы техникасын дайындау жұмыстары жалғасуда. Егін егу науқанында 3 мың бірлік жоғары сапалы техника қолданылмақ.

Соңғы жаңалықтар