Көктемгі егіс пен егін орағы науқанын өткізуді қаржыландыруға бөлінген қаржы 119,3 миллиард теңгені құрайды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Биылғы жылдың агротехникалық жұмыстарын жүргізу бағытында мемлекет тарапынан тиісті шаралар қабылданғанына тоқталған ол, Ұлттық қордан қаржы бөлінгенін, оның аясында бүгінде 63,1 миллиард теңге көлемінде 470 қарыз алушыға қаржы бөлінгенін айтып өтті.
А. Буцьтің айтуынша, «ҚазАгро» ұлттық холдингімен бюджеттік, жеке және қосымша тартылған қаржының есебінен 7,7 миллиард теңге несиелер бөлінді, 5,5 миллиард теңгеге форвардтық шарт негізінде мемлекеттік ресурсқа астық сатып алу қаржыландырылды, сондай-ақ 5,7 миллиард теңгеге күзде тікелей сатып алу шаралары жүзеге асырылады.
Оның сөзіне қарағанда, Үкіметтің шешіміне сәйкес Ұлттық қор қаржысының есебінен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден астықты 1 миллион тоннаға дейін қосымша сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл сатып алынған астық қажет болған жағдайда ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыруда пайдаланылмақ.
Республикалық бюджеттен өсімдік шаруашылығын субсидиялаудың барлық бағыттары бойынша 24,6 миллиард теңге бөлінді. «Осылайша, көктемгі егіс жұмыстары мен егін орағы науқанын өткізуді қаржыландыруға бағытталатын қаржы 119,3 миллиард теңгені құрайды»,-деді Анна Буць.