Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Оразақ ауылы оқушылары мектепсіз қалмады - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Целиноград ауданының Оразақ ауылында білім күні мектеп ашылды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Еске сала кетсек, биылғы көктемде Целиноград ауданында көктемгі су тасқыны орын алып бірқатар елді мекендегі үйлерді су шайып, тұрғындар жапа шеккен болатын. Аудан бойынша барлығы 300-ге жуық баспана жарамсыз болып қалған. Оның ішінде табиғат апатынан Оразақ ауылы көп зардап шекті. Қазіргі кезде, аталған елді мекенде көктемгі су тасқының зардаптарын жою жұмыстары қызу қолға алынған. Ауылда 2 пәтерлі 100 үйдің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде 40-қа жуық үйдің шатыры жабылып, 60-тан астам үйдің іргесі қаланып отыр. Қазан айында 200 отбасы жаңа пәтерге қоныстанады деп жоспарланған. Сонымен қатар, апат салдарынан осы ауылдағы жалғыз мектеп те жарамсыз болып қалған еді. Абырой болғанда ауылдағы бос тұрған бұрынғы мәдениет-спорт үйінің ғимараты 57 миллион теңге қаржыға орта мектеп ретінде қайта жөнделіп, білім күні пайдалануға берілді. «Уақытша мектеп дегенмен, мұнда орын жеткілікті», - дейді мектеп директоры Шолпан Жахина. Сондай-ақ, 40 балаға арналған шағын орталық та жұмыс істейді. -Келесі жылы бұрынғы мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіп бергенше, осы ғимаратты пайдаланамыз, - дейді мектеп директоры.

Соңғы жаңалықтар