13:38, 07 Наурыз 2009 | GMT +5
Көктемгі Тараз әйелдер мерекесін атап өтуде
ТАРАЗ. Наурыздың 7-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Таразда Халықаралық әйелдер күніне арналған бірқатар шаралар өткізіліп жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облысы әкімінің баспасөз орталығына сілтеме жасап.
Облыстық Қазақ драма театрында Ж.Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық театрының гастрөлі жүріп жатыр.
Қалалықтардың сүйікті орындарына айналған Тұрар Рысқұлов атындағы мәдениет және демалыс саябағы жаңа маусымын ашты, мұнда қазір бірнеше аттракциондар жұмыс істеуде, балалар үшін түрлі ойын-сауықтар ұйымдастырылады. Көктемгі саябақ шақырады» атты мерекелік бағдарлама жұршылық назарына ұсынылмақ. Ертең, наурыздың 8-і күні, «Достық» орталық алаңында халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара өтеді. Ал бүгін Тараздың орталық стадионында футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталып, жергілікті «Тараз» (Тараз) бен «Шахтер» (Қарағанды) командалары кездеседі.