Көктемнің алғашқы күні футзалдан Қазақстан кубогының иегері анықталады

АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Алматыда ақпанның 28-і мен наурыздың 1-і аралығында футзалдан 2008-2009 жылғы Қазақстан кубогының жеңімпазын анықтайтын жарыс өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, «Достық» спорт кешенінде болатын турнирге Алматының «Қайрат», Ақтөбенің «Ақтөберентген», Қарағандының «Тұлпар» және Рудныйдың «Аят» командалары қатысады. Жарыс күнтізбесіне сәйкес, ақпанның 28-і күнгі жартылай финалда «Аят» пен «Ақтөберентген» және «Қайрат» пен «Тұлпар» кездеседі. Бұл жұптардың жеңімпаздары наурыздың 1-де өзара бас жүлдені сарапқа салады.
Соңғы жаңалықтар