19:15, 24 Қазан 2024 | GMT +5
«Көктөбе» телемұнарасы мерекелік жарықпен безендіріледі
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Бүгін кешке Республика күніне орай «Көктөбе» телемұнарасы мерекелік жарықтандыруға қосылады.

«Қаланың басты символы әрі көрікті орны Республика күніне орай мерекелік жарық шамдармен безендіріледі. Сәулеттік жарықтандыру 24 қазан күні сағат 20:00-де қосылады. Алматылықтар мен қала қонақтары мерекелік құттықтауды 24 және 25 қазан күндері көре алады»,- деп хабарлады әкімдіктен.
Осыған дейін «Көктөбе» телемұнарасында жарықтандыру технологиясы қалай жұмыс істейтіні туралы жазған едік.
Бұдан бөлек, Алматыда Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу кезінде 25 қазанда сағат 21.00-де Абай алаңында, Республика Сарайының (Достық даңғылы, 56) алдында және 21.30-да «Астана» алаңында дрондар шоуы өтеді.