Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қоларбалы мүгедектерге арналған әлеуметтік такси бүгіннен бастап тапсырыс қабылдайды

АҚТАУ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Арнайы қоларбасыз қозғала алмайтын мүгедек жандарға арналған әлеуметтік такси бүгіннен бастап тапсырыстар қабылдай бастады. Ресейден осы мақсатта алдырылған «Газель» автокөлігі алдағы уақытта мұқтаж жандарды қаладағы әлеуметтік-қоғамдық нысандарға тегін таситын болады,

Қоларбалы мүгедектерге арналған әлеуметтік такси бүгіннен бастап тапсырыс қабылдайды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Бүгіннен бастап жергілікті басылымдарға хабарландыру беріп, тиісті санаттағы адамдар үйлеріне такси көлігін шақырта алатындығын жариялап жатырмыз. Олар І және ІІ топтағы мүгедектер, туабіткен церебралды параличі бар балалар және т. б. жандар. Мұндай контингенттің саны қаламызда 200-ден асады деп отырмыз. Сондықтан, тасымалға сұранысты үйлестіру үшін олар арнайы диспетчерге екі күн бұрын тапсырыс беріп қоюы қажет. Тапсырыстың растығы нақтыланған соң, белгіленген уақытта жүргізуші тапсырыс берушіні көрсетілген жерден алып кетеді», дейді Ақтау қалалық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының міндетін атқарушы Светлана Нұртазина. Такси аптасына бес күн сағат 09:00-дан 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді. 12:30 бен 14:00 аралығы түскі үзіліс. Арнайы көлікке бірден ілесуші адамдарымен қоса төрт қоларба сияды. Мүгедек жандарға көмек көрсетуге жүргізуші міндеттеліп қойылған. Бүгіннен жұмысын бастаған әлеуметтік жобаның таныстырылуы 15 сәуірге белгіленіп отыр.