«Қолайлы мектеп» жобасы: 2025 жылға дейін 500-ден астам мектеп салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Президент тапсырған Ұлттық жобалардың қалай іске асырылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Қолайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде оқушы орындарының тапшылығын шешу үшін 2023-2025 жылдары 588 толық жинақты мектеп салу жоспарланып отыр. Құрылыс объектілерінің құнын есептеу жаңа техникалық тапсырмаға және 1 оқушы орны үшін шығындарға сәйкес анықталды», -деді министр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыруға 215 млрд теңге қажет деп болжануда. Бұл ретте осы шараларды іске асыруға арналған шығын көлемі жалпы сипаттағы трансферттерді және 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру аясында қосымша пысықталады.

«Бұдан басқа Мемлекет басшысының салық және бюджет саясатын жетілдіру жөніндегі тапсырмасы Ұлттық экономика министрлігімен және Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттікпен бірлесіп іске асырылады. Үкіметтің кеңейтілген отырысында қойылған барлық тапсырмалар сапалы және уақтылы орындалады. Бұл ретте, Президент бастамаларын іске асыруға арналған шығыстар көлемі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бірлесіп пысықталады», - деді Е. Жамаубаев.

Кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі ұлттық жоба әзірленіп жатқанын айтқан еді.



Соңғы жаңалықтар