Қолайсыз метеорологиялық жағдайда оқушылар мен студенттер қашықтан оқытыла ма — Бектенов жауабы

АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-Министр Олжас Бектенов Сенат депутаттарының қолайсыз метеорологиялық жағдайда мектептерді, колледждер мен жоғары оқу орындарын қашықтан оқытуға көшіруге қатысты сауалына жауап берді.

Үкімет
Фото: freepik.com

— Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қашықтан оқыту білім алудың ресми бекітілген нысаны саналады әрі тиісті бұйрықпен реттеледі. Қашықтан оқыту форматы қолайсыз метеорологиялық жағдайда, төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, медициналық көрсетілімдер, ата аналардың өтінімдері немесе өзге де негіздер кезінде қолданылады. Осылайша, қолайсыз метеорологиялық жағдайдың екінші және үшінші деңгейінде, сонымен қатар зиянды заттардың рұқсат етілген концентрациясы 3 еседен асқан жағдайда жергілікті атқарушы органдар оқушылардың денсаулығын қорғау үшін оларды қашықтан оқытуға көшіру туралы шешім қабылдауға құқылы, — деді Үкімет басшысы жауабында.

Бүгін еліміздің 11 қаласында ауа сапасы нашарлайтынын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар