Көлік министрлігі CRJ-200 ұшағының апатқа ұшырау себебін тексеретін комиссия құрды
АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі CRJ-200 ұшағының апатқа ұшырау себебін тексеру жөніндегі комиссия құрды.
Оған көлік вице-министрі Азат Бектұров төрағалық етеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар орталығы хабарлады.
Комиссия құрамына Мемлекетаралық авиациялық комитеттің тәуелсіз сарапшылары, ұшаққа соңғы техникалық қызмет көрсеткен «Сибирь-Техникс» авиациялық техникалық орталығының мамандары енді.
Авиациялық оқиғаны тексеруге әуе кемесін жасап шығарған «Бомбардье» корпорациясының да мамандарын қатыстыру туралы консультация жүргізілуде.
Комиссия ұшу, техникалық және әкімшілік жөніндегі кіші комиссиялардан тұрады.